Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Әзербайжан Орта дәлізді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Әзербайжан Орта дәлізді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың Қазақстандағы Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алимирзамин Алескеровпен және AZCON Holding өкілі Шахин Бабаевпен кездесуі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту және «Каспий көпірі» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Жоба аясында паромдар теміржолдың жалғасы ретінде пайдаланылмақ. Бұл вагондарды Каспий теңізі арқылы жүкті түсіріп, қайта тиеусіз жеткізуге мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты – жылына 8 млн тонна жүк тасымалдауды қамтамасыз ету. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 10–12 млн тоннаға дейін арттыру көзделген.

Әзербайжан делегациясының сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ мен AZCON Holding жобаны дайындау және іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ Алят портында бірлескен интермодальды жүк терминалын құрудың негізгі шарттары туралы құжатқа (Term Sheet) қол қойды.

Тараптар бірлескен терминалдар желісін құру, локомотив және кеме жасау салаларындағы өндірістік ынтымақтастықты дамыту, тариф саясаты және жүктерді Еуропаға жеткізу уақытын қысқарту мәселелерін де қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады. Бірлескен жұмыстың негізгі мақсаты – Орта дәліздің өткізу мүмкіндігін арттыру, инфрақұрылымды дамыту және Каспий теңізі арқылы жүк тасымалдау тиімділігін күшейту.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды