Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырау облысының балық шаруашылығына 25 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

Атырау облысының балық шаруашылығына 25 млрд теңгеден астам инвестиция салынады
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығын дамыту, тауарлы балық өсіру көлемін ұлғайту, өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын жаңғырту және балық ресурстарын сақтау бағытында кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл әсіресе Атырау облысында белсенді қолға алынуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңірде балық шаруашылығының өндірістік әлеуетін арттыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. 2030 жылға дейін 25 млрд теңгеден асатын сегіз ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар тауарлық балық өсіру көлемін ұлғайтуға, өндіріс қуатын кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қосылған құны жоғары өнім түрлерінің кеңінен қамтуға мүмкіндік береді.

Ірі жобалардың бірі – Құрманғазы ауданындағы «Шортанбай» балық өңдеу зауытын жаңғырту. Оған 12 млрд теңгеден астам инвестиция салу көзделген. Қазіргі уақытта 11 жаңа нысанның құрылысы басталды.

Жоба аясында балықты қабылдау, мұздату, тұздау, ыстау және консервілеу, сондай-ақ уылдырық пен сүбе өндіру цехтары бар заманауи өндірістік кешен құрылады. Сонымен қатар механикалық-жөндеу цехын салу қарастырылған. Жоба толық қуатына шыққан кезде кәсіпорын өнімнің 200-ге дейін түрін шығара алады.

Зауытты жаңғырту өңделетін балық көлемін арттыруға, дайын өнім түрлерін көбейтуге, шикізатты терең өңдеу деңгейін көтеруге және отандық өндірушілердің нарықтағы позициясын нығайтуға жол ашады. Өңдеу инфрақұрылымын дамытумен қатар тауарлық балық өсіру көлемін арттыруға да басымдық беріліп отыр. 2030 жылға қарай Атырау облысында бұл көрсеткішті 2,6 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.

Биыл тоғыз айда өңірде 7 мың тонна балық өңделді. Мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі – балық ресурстарын сақтау және олардың табиғи өсімін молайту. Биыл Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтардың 4 миллионға жуық шабағы жіберілді. Сонымен қатар браконьерлікке қарсы күрес шаралары күшейтілді. Жыл басынан бері 2,4 мың құқық бұзушылық анықталып, 168 іс соттың қарауына жолданды.

Бұдан бөлек, балық аулау кооперативтерінің қызметіне қолдау көрсетілуде. Биыл 16 кооперативке 16 мың тонна балық аулауға лимит бөлінді. Қазіргі уақытта оның 44 пайызы игерілген. Атырау облысы еліміздің балық шаруашылығы саласында айрықша орын алады. Өңірдің үлесіне республика бойынша ауланатын балықтың жалпы көлемінің 31 пайызы тиесілі. Жоспарланған жобаларды жүзеге асыру өңірдің өндірістік әлеуетін нығайтуға, отандық балық өнімдерінің көлемін арттыруға және қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге жол ашады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды