Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда туристік қызмет көрсету сапасы артып келеді

Алматыда туристік қызмет көрсету сапасы артып келеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда жүздеген гид пен экскурсия жүргізушісі туристерге халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуді үйренді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда 200 гид пен экскурсия жүргізушісі экскурсияны қызықты әрі мазмұнды өткізу, бағытты дұрыс жоспарлау және туристердің әртүрлі санатымен жұмыс істеу бойынша оқудан өтті. Курсты 15-27 қазан аралығында қалалық Туризм басқармасының өкілдері ұйымдастырды.

Сабақтарды Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастықтары федерациясының (WFTGA) ұлттық тренерлері жүргізді. Қатысушылар Алматының тарихын зерделеп, туристік топ алдында сөйлеу, экскурсиялық бағытты әзірлеу және халықаралық қызмет көрсету стандарттарын қолдану дағдысын меңгерді.

Курстың практикалық бөлімінде мүмкіндігі шектеулі туристерге ілесіп жүру ерекшелігі мен дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету мәселесі қамтылды. Сондай-ақ мамандар тұрақты туризм қағидаттарымен танысты.
Оқыту бағдарламасы Алматыдағы экскурсиялардың сапасын арттыруға бағытталған. Алған білімдері гидтерге қаланың көрікті жерлері туралы мәлімет берумен қатар, туристердің қажеттілігін ескеруге, саяхат кезінде олардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Курс аяқталғаннан кейін 200 қатысушының барлығына сертификат табысталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды