Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда медициналық туризмді дамытуға арналған халықаралық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жиынға денсаулық сақтау жүйесінің өкілдерін, туристік сала мамандарын және халықаралық серіктестер қатысып отыр. Бұл туралы қалалық туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Форум барысында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жоғары технологиялық емдеу әдістерін енгізу және медициналық қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.

«Қазіргі таңда Қазақстан, соның ішінде Алматы қаласы, Орталық Азиядағы медициналық туризмнің жетекші орталықтарының біріне айналып келеді. Біз дамыған туристік инфрақұрылымды, сапалы медициналық қызмет көрсетуді және қолайлы көлік қатынасын тиімді ұштастырып отырмыз», - деді шаһардың шетелдік пациенттерді тартудағы әлеуеті жоғары екенін атаған Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Ещанова.

Оның айтуынша, қалада пациенттерге кешенді қызмет көрсету жүйесі жолға қойылып келеді. Сапарды ұйымдастырудан оңалтуға дейін тізбек толық қарастырылған. Ал халықаралық стандарттарды енгізу шетелдік азаматтардың сенімін арттырып отыр.

Форум аясында Үндістанмен әріптестік мәселесіне ерекше назар аударылды. 

«Алматы мен Үндістан медициналық туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға тұрақты қызығушылық танытып отыр. Бірлескен бастамалар тәжірибе алмасуға және заманауи медициналық технологияларды енгізуге жол ашады», — деді үнді делегациясының өкілі Шри Хоти Лал.

«Қазақстан пациенттер үшін тартымдылықтың негізгі алғышарттарына ие. Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі мемлекет тарапынан кепілдендірілген. Ал денсаулық сақтау жүйесі халықаралық стандарттар мен дәлелді медицина қағидаттарына негізделген», - деді саланы дамытудың жүйелі тәсілін атаған Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы басқарма төрағасының орынбасары Шолпан Қаржаубаева.

Форум аясында онкология, трансплантология және нейрохирургия салаларын дамыту, сондай-ақ озық медициналық технология енгізу мәселелері қарастырылды.

Қатысушылардың пікірінше, халықаралық ынтымақтастықты нығайту Алматыға шетелдік пациенттер легін арттырып, медициналық инфрақұрылымның одан әрі дамуына серпін береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады