Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда туристік полиция бір айда 650-ге жуық азаматқа қызмет көрсеткен

Түркістанда туристік полиция бір айда 650-ге жуық азаматқа қызмет көрсеткен
Фото: Polisia.kz

Түркістанда туристік полиция бір айда 650-ге жуық азаматқа қызмет көрсеткен, Түркістанда туристік полиция бір айда 650-ге жуық азаматқа қызмет көрсеткен,- деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында ҚР ІІМ-нің бастамасымен Түркістанда туристік полиция құрылған. Бұл бөлімдегі инспекторлар шетел азаматтарының рухани астанадағы жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.Түркістандағы туристік полицейлер шетелдіктерге елімізде болу ережелерін түсіндіреді, көші-қон ережелерін бұзған адамдарды анықтайды, өтініштерді есепке алуды және туристік аймақты патрульдеуді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда туристерге қызмет көрсету жөніндегі взвод қызметкерлерінің саны 25 адамды құрайды. Олар Қ.Яссауи кесенесі, Керуен сарай кешені, Президент саябағы сияқты туристер көптеп кездесетін орындарда қызмет етеді.

Туристік полиция қызметіне соңғы бір айдың ішінде 650-ге жуық азамат жүгінген. Негізінен туристер белгілі бір мекенжайға, тамақтану орындарына және көрікті жерлерге қалай жетуге болатынын сұрайды. Полиция қызметкерлері маршрутты түсіндіреді, такси шақыруға көмектеседі және қажетті көмек көрсетеді. Шетелдіктерден басқа, біздің отандастарымыз жоғалған баланы немесе ұмытылған жеке заттар мен телефондарды табуды сұрайды. Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталған. Олар қазақ, орыс, түрік, қытай, ағылшын тілдерін және еліміздің тарихын жетік меңгерген. Бұдан бөлек қала аумағында туристерге арналған "SOS" батырмасы жұмыс жасайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті