Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

31 қазан мен 1 қараша күндері Алматыда Қазақстанның өңірлері мен Алматы қаласының фермерлері және тауар өндірушілері қатысатын кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сатып алушыларға орташа нарықтық бағадан 8-20%-ға төмен бағамен 400 тоннадан астам өнім ұсынылады. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәрмеңке Қазыбек би көшесінің Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесі аралығындағы бөлігінде ұйымдастырылады. Қала тұрғындары ет, көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері мен басқа да азық-түлік түрлерін тікелей өндірушілерден сатып ала алады.

Жәрмеңкеге қатысушылар жалпы 170 тонна көкөніс, 100 тонна ет өнімдерін, 70 тонна сүт өнімдерін және 50 тонна жеміс-жидек әкелуді жоспарлап отыр.

Өнімдерді тікелей сату тұрғындарға делдалдардың қосымша үстеме бағасыз жаңа жиналған көкөніс пен жеміс-жидекті және басқа да балғын азық-түлікті сатып алуға, ал отандық фермерлерге өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жәрмеңке Алматының азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, отандық өндірушілерді қолдауға және еліміздің өңірлерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізуді дамытуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды