Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Гүлге оранған Алматы: жазда 5 миллионға жуық гүл мен раушан бұтасы егілді

Гүлге оранған Алматы: жазда 5 миллионға жуық гүл мен раушан бұтасы егілді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

2026 жылы жазғы маусымда Алматыдағы гүлмен безендірілген аумақтың көлемі 410 мың шаршы метрден асты. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 77%-ға көп. Біржылдық гүлдердің саны 2,7 миллионнан 4,3 миллионға, ал раушан бұталарының саны 125 мыңнан 580 мыңға дейін артты. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС мамандары айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең ірі гүлзарлар Есентай өзенінің жағалауында (20 мың шаршы метр), Сайран су қоймасының бойында (15 мың шаршы метр) және Halyk Arena маңында (7 мың шаршы метрден астам) жасалды.

Биылғы жаңашылдықтардың бірі алма, аю, қар барысы мен тауыс пішініндегі тірі өсімдіктерден жасалған көлемді композициялар. Олар қаланың көркін арттырып, тұрғындардың ықыласына бөленді. Соның бірі Есентай өзенінің жағалауында орнатылған биіктігі 2,5 метр, ұзындығы 30 метр болатын тауыс бейнесіндегі гүл композициясы.

Өсімдіктерді іріктеу кезінде Алматының климаттық ерекшеліктері, олардың төзімділігі мен гүлдеу мерзімі ескерілді. Көгалдандыру жұмыстарының қызған шағында өсімдіктерді күтіп-баптауға күн сайын 400-ден астам маман мен 140-тан астам техника жұмылдырылды.

Күз түскен соң маусымдық гүлдерді жинау және қала аумақтарын келесі көгалдандыру маусымына дайындау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды