Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған мамандандырылған стоматология бөлімшесі ашылды

Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған мамандандырылған стоматология бөлімшесі ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыдағы №5 қалалық клиникалық ауруханада мамандандырылған стоматология бөлімшесі ашылды. Оның негізгі жұмыс бағыттарының бірі ерекше қажеттілігі бар балалардың тісін жалпы анестезия арқылы емдеу. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Даму ерекшелігі бар немесе тіс дәрігерінен қатты қорқатын балалар үшін стоматологиялық ем қабылдау оңайға соқпайды. Кейбір жағдайда олардың медициналық процедураларға төзуі қиын болуы мүмкін. Осындай пациенттерге қажетті емді жалпы анестезия арқылы, дәрігерлердің тұрақты бақылауымен жүргізу қарастырылған.

Бөлімше қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Мұнда ересектер мен балаларды қабылдауға арналған кабинеттер, анестезиологтың жұмыс орны және анестезиядан кейін науқастың оянуына арналған палата бар. Емшара алдында пациенттер медициналық тексеруден өтеді. Ал анестезияны қолдану мүмкіндігі әр науқастың денсаулық жағдайы мен медициналық көрсетілімдеріне қарай жеке анықталады.

Бөлімшеде тіс емдеумен қатар ауыз қуысын кешенді сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Қажет болған жағдайда бірнеше стоматологиялық процедураны бір сеанста орындауға болады. Бұл пациенттердің ауруханаға қайта-қайта келуін азайтып, емдеу үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Бөлімше ашылғаннан бері 100-ден астам пациент жалпы анестезиямен стоматологиялық ем алған. Бұдан бөлек, медициналық мекемеде күн сайын жоспарлы және шұғыл көмек көрсетіледі. Мамандар тәулігіне орта есеппен тісінің қатты ауырсынуына шағымданған 10-ға жуық адамды қабылдайды.

Жаңа бөлімше Алматыда мамандандырылған стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Басқарма өкілдерінің айтуынша, медицина қызметкерлерінің басты мақсаты – әрбір науқастың жеке қажеттілігін ескере отырып, қолжетімді әрі медициналық қызмет көрсету.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды