Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысының мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашылуда

Ақтөбе облысының мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашылуда
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Ақтөбе облысында 2025–2028 жылдарға арналған «Болашаққа – сау тіспен» Жол картасын іске асыру жалғасуда. Жоба аясында мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылып, ауыз қуысы ауруларының алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтау жұмыстары оқушылардың білім алатын жерінде жүргізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жалпы облыс бойынша оқушы саны 1000-нан асатын 59 мектепте стоматологиялық кабинет ашу жоспарланған.

2025 жылы мұндай кабинеттер 14 мектепте ашылды: оның 12-сі - Ақтөбе қаласында, 2-еуі - аудан орталықтарында орналасқан. 2026 жылы тағы 15 кабинет ашу жоспарлануда. Оның ішінде 12-сі Ақтөбе қаласындағы, 3-еуі аудан орталықтарындағы мектептерде ашылады.

Жыл басынан бері 7 847 оқушы профилактикалық стоматологиялық тексеруден өткен. 1 719 баладан жеңіл және орташа дәрежедегі кариес анықталыпты. Стоматологиялық мәселелер анықталған жағдайда балаларға қажетті медициналық сүйемелдеу көрсетіліп, әрі қарай ем алу бойынша ұсынымдар беріледі.

Осындай кабинеттердің бірі былтырғы жылдан бері Ақтөбе қаласындағы №56 мектепте жұмыс істейді.

«Баланың денсаулығы тістен басталады. Былтырдан бері мектебімізде стоматологиялық кабинет жұмыс істейді. Өткен оқу жылында мектептегі тіс дәрігері 2 265 оқушыны тексеруден өткізді. Балалардың тісін жұлмайды, тек сүйемелдейді, қажет болған жағдайда дәрігерлерге жолдама беріледі. Сонымен қатар стоматолог кластарда тісті дұрыс тазалау және ауыз қуысына күтім жасау туралы дәрістер өткізеді. Мұның барлығы балалар арасында ауыз қуысы мен тіс ауруларының алдын алуға бағытталған. Стоматологиялық кабинеттің барлық қажетті құрал-жабдығын №3 КДП қамтамасыз етеді. Менің ойымша, бұл өте маңызды жұмыс. Себебі барлығы өскелең ұрпақтың дені сау болуы үшін жасалып отыр», — деді Ақтөбе қаласындағы №56 мектептің директоры Гүлнара Нарымбетова.

Мектептердегі стоматологиялық кабинеттердің негізгі жұмысы — аурулардың алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтау. Жыл сайын оқушылардың ауыз қуысына жаппай тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша қосымша бақылауды немесе емді қажет ететін балалардың тізімі жасалады.

Балалардың бойында дұрыс әдет қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Стоматологтар профилактикалық сабақтар өткізіп, оқушыларға тісті дұрыс тазалау, оны қаншалықты жиі тазалау керектігін, сондай-ақ тіс щеткасы мен пастасын дұрыс таңдау жолдарын түсіндіреді.

Кабинеттерде балалар дәрігер-стоматологтары немесе дантистер жұмыс істейді. Сонымен қатар медициналық мейірбикелер процедураларды жүргізуге көмектесіп, құралдарды зарарсыздандыру жұмыстарын атқарады.

Осылайша, мектеп стоматологиясы облыста кариес пен басқа да ауруларды ерте анықтаудың ғана емес, сонымен қатар ауыз қуысына күтім жасау мәдениетін бала кезден қалыптастыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігіне айналып келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді