Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Республика күні қарсаңында жастар арасындағы кітап оқу чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Алматыда Республика күні қарсаңында жастар арасындағы кітап оқу чемпионатының жеңімпаздары марапатталды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық марафоны аясында ұйымдастырылған жастар арасындағы кітап оқу чемпионаты қорытындыланды. Жобаға 200-ден астам адам қатысып, әлеуметтік желілерде әдеби шығармаларға арналған 100-ден астам бейнерецензия жарияланды. Үздік деп танылған алты қатысушы ақшалай сыйлықтарға ие болды. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марапаттау рәсімі Республика күні қарсаңында Satbayev University қабырғасында өтті. Байқауды қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Skill All жобалық кеңсесі ұйымдастырды.

Қатысушыларға төрт кітаптың бірін оқып шығу ұсынылды. Олар: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», Олжас Сүлейменовтің «АЗ и Я», Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» немесе Арман Әлменбеттің «Тергеуші» шығармалары.

Байқау шарты бойынша қатысушылар ұзақтығы бір минуттан үш минутқа дейінгі бейнерецензия дайындауға тиіс. Жастардан шығарманың мазмұнын жай баяндау емес, оны талдау, автордың негізгі ойын түсіндіру және тұжырымын бөлісу талап етілді.

Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау кезінде шығарманың мазмұнын түсіну деңгейіне, дәлелдің негізділігіне, ой-пікірдің дербестігіне, баяндаудың қисындылығы мен анықтығына назар аударды. Бейнетүсірілім сапасы негізгі бағалау өлшемі болған жоқ.

Чемпионат қорытындысы бойынша алты жүлдегер анықталды. Марапаттау рәсімінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мирас Нысанәлиев кітап оқуды насихаттау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған міндеттердің бірі екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай жобалар білімге, жауапкершілік және дербес ойлау қағидаттарына негізделген «Адал азамат» тұжырымдамасының ұстанымдарымен де үндеседі.

«Кітап оқитын ұрпақ – ойлы ұрпақ. Ал ойлы ұрпақ – ел болашағын қалыптастыратын басты күш. Бүгін қатысушылар ақпаратты жай ғана қабылдап қоймай, оны талдай алатынын, пікір білдіріп, ұстанымын дәлелдей білетінін көрсетті. Дәл осындай жастар Қазақстанның зияткерлік дамуының негізіне айналады», – деді Мирас Нысанәлиев.

Сондай-ақ ол мұндай бастамалардың маңызына тоқталып, ел тарихын білудің, ана тіліне құрметпен қараудың және білімге ұмтылудың ерекше мәнге ие екенін айтты.

769 мыңнан астам жас тұратын және 36 жоғары оқу орны жұмыс істейтін Алматыда білім беру жобаларын қолдау жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Қала әкімі Дархан Сатыбалды айқындаған басымдықтардың қатарында білім беру сапасын арттыру және жас ұрпақтың қабілетін ашуға қолайлы жағдай жасау міндеттері бар.

Марапаттау рәсіміне Satbayev University, білім беру ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да кітап оқуды насихаттауға бағытталған іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр. Олардың пікірінше, бейнерецензия форматы қатысушылардың әдеби шығармаларды қаншалықты түсінгенін бағалауға ғана емес, сонымен қатар көзқарасын көпшілік алдында білдіріп, оны дәлелдеуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды