Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ауқымды республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды

Астанада ауқымды республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Қазақстан Республикасы Президентінің кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлығын іске асыру аясында Астана қаласында республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды. Осыған сәйкес елорда әкімдігі мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа Астана қаласы әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков қол қойды.

Осы күзден бастап елордада республикалық марафон аясында әдеби кездесулер, көпшілік оқулары, кітап жобалары, ағартушылық акциялар және басқа да іс-шаралар сериясы басталады.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Талғат Рахманбердінің айтуынша, кітап оқу мәдениетін дамыту – елорда үшін заманауи қоғам қалыптастырудағы маңызды бағыттардың бірі.

«Астана үшін кітап оқу мәдениетін дамыту – адами капитал мен қаланың зияткерлік әлеуетіне салынған инвестиция. Біз кітапты елорда тұрғындарының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыруға жағдай жасауды көздейміз. «Кітап оқитын ұлт» жобасы түрлі буын өкілдерін білім, ағарту және мәдени құндылықтар төңірегінде біріктіреді деп сенемін», – деді Талғат Рахманберді.


«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков республикалық марафон қарсаңында елорданың жобаға қосылуының символдық мәні зор екенін атап өтті.

«Марафонның басталуына небәрі бір ай қалды және дәл осы кезеңде елорданың жобаға қосылғаны өте маңызды. Астана оқыса, бүкіл елге үлгі болады. Қала марафонның көшбасшыларының біріне айналып, мыңдаған адамды кітап әлемін жаңадан тануға шабыттандырады деп сенемін», – деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны қыркүйек айында басталып, Қазақстанның барлық өңірін қамтиды. Оның мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, отандық әдебиетті қолдау және үздіксіз өзін-өзі дамыту мәдениетін қалыптастыру.

Жобаның серіктестері қатарында Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, Yandex Qazaqstan және «Яндекс Книги» сервисі бар. Олар бірлесіп кітап оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби жобаларды қолдауға және цифрлық технологиялар арқылы кітапқа қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған бастамаларды жүзеге асырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді