Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының туристік әлеуеті Сингапурдегі ITB Asia 2026 көрмесінде таныстырылып жатыр

Алматының туристік әлеуеті Сингапурдегі ITB Asia 2026 көрмесінде таныстырылып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Туризм басқармасы 21-23 қазан аралығында Сингапурде өтіп жатқан ITB Asia 2026 халықаралық туристік көрмесіне қатысып отыр. Көрмеде 1 000-нан астам компания мен 1 500-ден астам кәсіби байер бас қосты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Visit Almaty стендінде қаланың туристік мүмкіндіктері таныстырылған. Олардың қатарында тау бағыттары, табиғи көрікті жерлер, мәдени мұра, гастрономия және жыл бойы демалуға арналған мүмкіндіктер бар. Көрмеге қатысудағы мақсат – Алматыны Азия нарығында ілгерілету, іскерлік байланыс орнату және халықаралық туроператорлармен ынтымақтастықты дамыту.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Алматыға деген қызығушылық артып келеді. 2025 жылы қалаға Малайзиядан 9 416 турист келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23%-ға көп. Ал Сингапурдан келген туристер саны 2,3 есеге өсіп, 3 953 адамға жетті.

Өңірдің көлік қолжетімділігін Алматы – Куала-Лумпур бағыты бойынша тікелей әуе қатынасы қамтамасыз етеді. AirAsia әуе компаниясы бұл бағытта айына 22 рейс орындайды. Сонымен қатар Air Astana әуе компаниясы 2026 жылы 25 желтоқсаннан бастап Алматы – Лангкави бағыты бойынша маусымдық тікелей рейсті іске қосуды жоспарлап отыр.

ITB Asia 2026 көрмесіне қатысу Алматының туристік өнімдерін халықаралық нарықта таныстыруға, шетелдік серіктестермен іскерлік байланысты кеңейтуге және Азия елдерінен келетін туристер санын арттырудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға жол ашады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды