Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанға араб елдерінен келген туристер саны 62%-ға артты

Қазақстанға араб елдерінен келген туристер саны 62%-ға артты
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан араб елдерінің туристік нарығында өз орнын нықтап келеді. 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында Дубайда өтіп жатқан Arabian Travel Market халықаралық көрмесінде еліміздің туристік әлеуетін 30-ға жуық компания таныстырып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ауданы 73,5 шаршы метр болатын ұлттық стендте Алматы, Астана және Байқоңыр бағыттары ерекше көрсетілді. Көрмеге келушілерге мәдени және гастрономиялық турлардан бастап ғылыми-танымдық бағыттарға дейін түрлі туристік өнімдер ұсынылуда. Іс-шара шетелдік туроператорлармен, туристік және әуе компанияларымен ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2024 жылы бес араб елінен келген туристер саны 62%-ға өсті. Оманнан келгендер саны 80%-ға артып, 15 мыңнан асты. Біріккен Араб Әмірліктерінен келген туристер 40%-ға көбейіп, 14,7 мың адамға жетті. Сауд Арабиясынан 9 мыңнан астам турист келген (өсім — 47%), ал Қатардан келгендер саны 1,5 есеге, Бахрейннен келгендер саны 4 есеге артқан.Туристер ағынының ұлғаюына БАӘ азаматтары үшін енгізілген визасыз режим, ірі қалалар арасындағы тұрақты әуе рейстері және халықаралық көрмелерге белсенді қатысу ықпал етті. Бұл шаралар Қазақстанның саяхат үшін тартымды бағыт ретіндегі имиджін күшейтіп отыр.

Айта кетсек, 2023 жылы TravelScapes басылымы Қазақстанды Таяу Шығыс саяхатшылары үшін ең үздік бағыттардың бірі деп таныған болатын. Биыл Ораза айт мерекесінде Қазақстан араб елдерінен келген туристер үшін ең танымал бағыттардың қатарынан көрінді.Arabian Travel Market — әлемдегі туризм саласындағы ең беделді іс-шаралардың бірі. Биыл 32-рет ұйымдастырылған көрме «Жаһандық саяхаттар: байланысты нығайту арқылы болашақ туризмді дамыту» тақырыбында өтіп жатыр. Іс-шараға әлемнің 161 елінен 2 800-ден астам компания қатысуда. Көрмені 55 мыңға жуық адам тамашалайды деп күтілуде.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты