Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада пәтерден 3,5 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Астанада пәтерден 3,5 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Астана қаласында полиция қызметкерлері пәтерден ақша ұрлады деген күдікпен 41 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шамамен бір жыл бұрын күдікті жәбірленушінің үйіне қонаққа барған кезде пәтердің кілтін білдіртпей алып кеткен. Кейін әйелдің күндіз үйде болмайтынын біліп, ұрланған кілтпен пәтерге кірген. Үй ішінен шкафқа сақталған ақшаны тауып, шамамен 3,5 миллион теңгені иемденіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Ұрланған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол еліміздің басқа өңірінде ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция азаматтарды үй кілттерінің сақталуына мұқият болуға және оларды бөгде адамдардың қолы жететін жерде қалдырмауға шақырады. Кілт жоғалған жағдайда құлыпты дереу ауыстырған жөн. Сондай-ақ ақша мен бағалы заттардың сақталатын орны туралы ақпаратты бөгде адамдарға айтпау ұсынылады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды