Астанада полиция пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті тұрғын үйдегі пәтерлердің біріне заңсыз кіріп, жатын бөлмедегі шкафтан 20 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражатты, сондай-ақ алтын бұйымдарды — сақина, сырға және білезікті қолды қылған.
Қылмыс жасағаннан кейін ол ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Келтірілген жалпы шығын көлемі 11 миллион теңгеден асты. Күдіктінің жеке басы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталды. Ол еліміздің басқа өңірінде ұсталып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды. Полиция азаматтарды қырағы болуға және өз мүлкін қорғау шараларын күшейтуге шақырады.