Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада бизнес серіктесінің 15 млн теңге тұратын көлігін ұрлаған күдікті ұсталды

Астанада бизнес серіктесінің 15 млн теңге тұратын көлігін ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Астана қаласының полиция қызметкерлері құны шамамен 15 млн теңге тұратын автокөліктің ұрлығын жедел түрде ашты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті ретінде жәбірленушінің 25 жастағы бизнес серіктесі анықталды. Екеуі жұмыс мақсатында басқа қаладан елордаға келген. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ер адамдар пәтер жалдап тұрған. Оқиға болған түні жәбірленуші ұйықтап қалған сәтті пайдаланып, күдікті оның күртесінің қалтасынан Changan CS75 Plus автокөлігінің кілтін жасырын түрде алып, оқиға орнынан кетіп қалған. Содан кейін ол байланысқа шықпай, ізін суытқан.

Таңертең полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті қала көшелерінің бірінен қараусыз қалған күйінде тапты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Полиция азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және таныс адамдардың арасында болса да, жеке заттарына мұқият қарауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады