Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полицейлер ұшақ бортында ұрланған 7,6 млн теңгені иесіне қайтарды

Полицейлер ұшақ бортында ұрланған 7,6 млн теңгені иесіне қайтарды
Фото: polisia.kz

Криминалдық полиция қызметкерлері әуе кемесінің бортында ұшу кезінде жасалған аса ірі көлемдегі ақша ұрлығын ізін суытпай ашты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы анықталып, ұсталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер Шымкент – Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде жәбірленушінің салғырттығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 млн теңгені жасырын түрде жымқырған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталып, олар ұсталды. Ұсталғандар өз кінәларын мойындап, қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар шетел азаматтарының осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында ұрланған ақша қаражаты толық көлемде заңды иесіне қайтарылды. Көліктегі полиция департаменті азаматтарды сапар барысында қырағылық танытуға шақырады. Жеке заттарды, құжаттар мен ақшалай қаражатты қараусыз қалдырмау, бөгде адамдарға сеніп тапсырмау және бағалы бұйымдарды үнемі бақылауда ұстау – мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жолы.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды