Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Терезені сындырып кірген: Астанада ұрлық жасаған күдікті құрықталды

Терезені сындырып кірген: Астанада ұрлық жасаған күдікті құрықталды
Фото: pixabay.com

Астанада полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын әшкереледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері пәтерден мүлік ұрлаған 37 жастағы ер адамды анықтады. Белгілі болғандай, ол кіреберіске кіріп, есіктерді қағып, іште тұрғындардың бар-жоғын тексерген. Бірінші қабаттағы пәтерде ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізген соң, терезені сындырып, ішке кірген. Пәтерден телефон, ақша, ноутбук, қара сөмке және банк карталарын ұрлап кеткен. Кейін есіктен шығып, оқиға орнынан жасырынған. Келтірілген жалпы шығын шамамен 1 миллион теңгені құрады. Ұрлық жасалған кезде пәтер иелері қонақта болғаны анықталды. Құқық қорғау органдары айғақты заттарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты