Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтуде

Шымкентте «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтуде
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында Республика күні мерекесі қарсаңында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде. 2026 жылғы 17 қазанда басталған науқандар 27 қазанға дейін жалғасады. Акциялар аясында сатып алушыларға түрлі тауарлар төмендетілген бағамен ұсынылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жалпыреспубликалық науқанды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Акциялардың басты мақсаты — тауарлардың халыққа қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау және отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейту. «Фиркан City» және «Mega Planet» сауда орталықтарында келушілерге арнап музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды. Сауда галереяларында домбыра мен баянның үні шырқалып, ұлттық әуендер әуеледі. Қазақтың халық әндерімен қатар, отандық орындаушылардың танымал шығармалары орындалды.
Музыкалық бағдарлама көрермендерге ұлттық мұраның маңызын тағы бір мәрте сезіндірді.Ұлттық әндер мен дәстүрлер — тарихымыз бен рухани мұрамыздың маңызды бөлігі. Мұндай концерттер әртүрлі буын өкілдеріне төл мәдениетімізбен жақынырақ танысуға, сүйікті шығармаларын еске түсіруге және халықтың бірлігін сезінуге мүмкіндік береді.

Мерекелік іс-шарада йейбір тауарларға 50 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Сауда сөрелерінде ерлер мен әйелдер киімі, аяқ киім, кәдесыйлар, ыдыс-аяқ және үйге қажетті түрлі бұйымдар ұсынылған. Мұнда отбасының әр мүшесіне қажетті киім-кешек таңдап, жақындарына сыйлық алуға немесе тұрмысқа қажетті заттарды сатып алуға болады. Сонымен қатар, сатып алушыларға сүт және ет өнімдерін қоса алғанда, азық-түлік, тұрмыстық химия мен үйге қажетті тауарлар ұсынылады. Олардың жекелеген түрлеріне де 50 пайызға дейін жеңілдік жасалған.

Республика күні қарсаңында мұндай ұсыныстар қонақ күтіп, мерекелік дастарқан әзірлеуге дайындалып жатқан отбасылар үшін аса тиімді. Шымкент тұрғындарының айтуынша, алда үлкен мереке келе жатыр. Бұл күні ағайын-туыс бас қосып, жақындарын қонаққа шақырып, мол дастарқан жаяды. Сондықтан жеңілдіктердің дер кезінде ұйымдастырылғаны қуантады.Кәсіпкерлер үшін де акцияға қатысу өз өнімдеріне деген қызығушылықты арттырып, тауарларын арнайы бағамен ұсынуға мүмкіндік берді.

«Біз Республика күніне арналған акцияға қуана қосылдық. Түрлі тауарларға арнайы ұсыныстар дайындадық. Әркім өзіне қажетті затты тауып немесе жақындарына сыйлық таңдауға мүмкіндігі бар», — дейді сатушылар.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Шымкентте өтіп жатқан екі республикалық акцияға 26 сауда нысаны қатысуда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды