Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Наурыз қарсаңында жеңілдіктер науқаны қызу жүріп жатыр

Алматыда Наурыз қарсаңында жеңілдіктер науқаны қызу жүріп жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» атты ауқымды мерекелік науқан жүріп жатыр. 2026 жылы 13-23 наурыз аралығында қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистегі ірі сауда орындарынан азық-түлік пен түрлі тауарларды 10-30% жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, акцияға Magnum Cash&Carry, Small, A-Store, «Беккер и К», Galmart, Metro Cash & Carry, «Столичный» және «Юбилейный» сияқты ірі супермаркеттер қосылған. Сондай-ақ, Forum Almaty, Globus, Mega Park, Aport East, Almaty Mall, Dostyk Plaza, Moskva, Mart, Sputnik Mall және Maxima сынды танымал сауда-ойын-сауық орталықтары қатысып отыр.

Бұл бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және ел көлемінде мерекелік көңіл күй қалыптастыруға бағытталған республикалық бағдарлама аясында қолға алынған.

Алматылықтар акцияға оң баға беріп отыр. Тұрғындардың айтуынша, ұсынылған жеңілдіктер күнделікті шығынды азайтып, мерекеге қамдануға қолайлы жағдай жасайды. Көпшілік мұндай науқандар мереке қарсаңында ғана емес, басқа кезде де жиі ұйымдастырылса дейді.

«Наурыз қарсаңында қажетті заттарды жеңілдікпен алу — үлкен мүмкіндік. Осындай акциялар отбасылық бюджетке едәуір көмек. Осындай жеңілдіктер жиі өткізілсе екен. Ал сауда орталықтарындағы безендірулер ерекше мерекелік көңіл күй сыйлайды», — дейді алматылық Әйгерім.

Қала тұрғындарының пікірінше, «Nauryz Sale» тиімді сауда ғана емес, сонымен қатар ерекше әсер сыйлайтын мерекелік іс-шараға айналған. Сауда орталықтарында жәрмеңкелер, концерттер, ұлттық нақыштағы фотоаймақтар, интерактивті алаңдар, шебердің сабақтары мен түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылған. Негізгі мәдени іс-шаралар 20-23 наурыз аралығында өтеді. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті