Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Nauryz Sale» Алматыда жүздеген мың келушіні тартты

«Nauryz Sale» Алматыда жүздеген мың келушіні тартты
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтті. 2026 жылы 13–23 наурыз аралығында қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистің ірі сауда орындарында 10%-дан 30%-ға дейінгі жеңілдікпен азық-түлік пен түрлі тауарларды сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Науқан аясындағы іс-шараларға 500 мыңнан астам адам қатысып, мыңдаған алматылық пен қала қонағы қамтылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бастамаға Magnum, Small, Toi Mart, «Столичный», «Юбилейный» сияқты ірі сауда желілері, сондай-ақ Алматыдағы жетекші сауда ойын-сауық орталықтары — Forum Almaty, Globus, Mega Park, Aport, Almaty Mall, Dostyk Plaza, Moskva, Mart, Sputnik Mall және Maxima қосылды.

Науқан отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және ел бойынша мерекелік көңіл күй қалыптастыруға бағытталған республикалық бағдарлама аясында жүзеге асырылды.

Ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 50-ден астам жарияланым шығып, сауда нысандарындағы 35 LED-экранда акцияға қатысты материалдар көрсетілді.

«Nauryz Sale» акциясы тұтынушылық белсенділіктің артуына ықпал етті: азық-түлік сегментінде тауар айналымы 10–15%-ға, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар сегментінде 7–8%-ға өсті.

Акция қала тұрғындары тарапынан оң бағасын алды. Алматылықтар жеңілдіктің тиімділігін атап өтіп, мерекеге дайындық кезінде айтарлықтай үнемдеу мүмкіндігі болғанын жеткізді. Сондай-ақ мұндай бастамаларды жиі өткізуге қызығушылық білдірді.

Сауда ойын-сауық орталықтарында ұйымдастырылған мәдени-ойын-сауық бағдарламалар мерекелік атмосфераны одан әрі жандандыра түсті. Қонақтар тақырыптық жәрмеңкелерге, концерттерге, ұлттық фотоаймақтарға, интерактивті алаңдарға және шебер сабақтарына қатысып, балалар мен ересектерге арналған түрлі ойын-сауықтарға тартылды. Негізгі іс-шаралар 20–23 наурыз аралығында өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады