Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

2026 жылы 13-23 наурыз аралығында Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтеді. Он күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік демалысты тиімді саудамен және мәдени-ойын-сауық шараларымен ұштастыра алады. Бұл бастама қазақстандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және Наурыз күндері қалада ерекше мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған республикалық акция аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Nauryz Sale» науқанына Алматының ірі сауда-ойын-сауық орталықтары қатысады. Олардың қатарында Forum Almaty, Globus, Mega Park, Aport East, Almaty Mall, Dostyk Plaza, Moskva, Mart және Sputnik Mall бар.

Акция кезеңінде сауда орталықтарында тауарлардың әртүрлі санаттарына 10-30% көлемінде жеңілдік ұсынылады.

Науқан аясында қазақстандық өндірушілердің өнімдеріне ерекше назар аударылады. Сауда залдарында отандық брендтердің тауарлары қойылатын арнайы аймақтар ұйымдастырылып, келушілер оларды нарықтағы бағадан 10-20% төмен бағамен сатып ала алады.

Сатып алушыларға ыңғайлы болуы үшін акциялық тауарлар арнайы навигациямен және «Nauryz» тақырыптық безендіруімен белгіленеді. Тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер мен басқа да навигациялық элементтер жеңілдігі бар тауарларды оңай табуға мүмкіндік береді.

Тиімді саудамен қатар, сауда орталықтарының қонақтарын мазмұнды мерекелік бағдарламаға куә болады. Сауда-ойын-сауық орталықтарының алаңдарында:

* тақырыптық жәрмеңкелер мен фестивальдер
* концерттер мен музыкалық бағдарламалар
* ұлттық нақыштағы фотоаймақтар
* балалар мен ересектерге арналған интерактивті алаңдар мен ойындар ұйымдастырылады.

Мерекелік іс-шаралардың негізгі бөлігі 20-23 наурыз аралығында Алматы қаласындағы сауда орталықтарының алаңдарында өтеді.

Сонымен қатар сауда орталықтарының LED экрандарында Наурыз мерекесінің дәстүрлеріне арналған бейнероликтер көрсетіледі.

«Nauryz Sale» акциясы Алматыдағы көктемгі маусымның жарқын оқиғаларының біріне айналып, мерекелік атмосфераны, мәдени бағдарламаларды және тиімді сауда мүмкіндіктерін біріктіреді. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын сауда орталықтарына келіп, мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі