Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 100-ден астам жас домбырашы Республика күніне орай күй орындады

Астанада 100-ден астам жас домбырашы Республика күніне орай күй орындады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада №2 Балалар өнер мектебінің 100-ден астам жас домбырашысы Республика күніне орай «Ер Тұран» күйін бірге орындады. Музыкалық қойылым отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ұлттық өнерді дәріптеуге және Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған «Біздің үн – Отан» шығармашылық бейнежобасының бір бөлігі болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шығармашылық бастама Астана қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының және қалалық Білім басқармасының қолдауымен іске асырылды.

Бейнежобаның сюжетіне домбыра сыныбында білім алатын украин және орыс ұлтының өкілдері — екі оқушының Отан туралы диалогы негіз болды. Жасөспірімдер туған жерге деген сүйіспеншілік, ортақ шаңырақтың қадір-қасиеті және Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерін бір арнаға тоғыстырған ортақ құндылықтар туралы ой бөліседі.

Жобаның музыкалық бөлімінде жас домбырашылар қазақ халқының ұлттық рухы мен болмысын бейнелейтін «Ер Тұран» күйін орындайды. Өз өнерлері арқылы оқушылар ұлттық музыкалық мұраның байлығын және мәдени дәстүрлер сабақтастығын көрсетеді.

Сонымен қатар 20-ға жуық жас суретші шығармашылық туындылары арқылы Қазақстанға деген сүйіспеншіліктерін жеткізді. Олар өз картиналарында еліміздің көркем табиғатын, туған өлкенің сұлулығын, бейбіт өмір мен жарқын болашаққа деген сенімді бейнеледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды