Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда полиция қызметкерлері мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілердің жолын кесті

Талдықорғанда полиция қызметкерлері мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілердің жолын кесті
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда полиция қызметкерлері мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілердің жолын кесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған қаласында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері түнгі патрульдеу барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегінің жолын кесті. Жол талғамайтын көліктің тізгінінде көлік басқару құқығы жоқ, мас күйдегі жүргізуші болған. 23 қыркүйек күні сағат 03:30 шамасында Алдабергенов көшесінде батыс бағытта қозғалып бара жатқан Toyota Land Cruiser 100 автокөлігі патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аударған. Көлік құралы тексеру үшін тоқтатылды. Рөлде 26 жастағы ер адам болған.

Тексеру барысында оның көлік құралын басқару құқығы жоқ екені анықталды. Сонымен қатар медициналық куәландыру жүргізушінің орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Мән-жайды одан әрі анықтау кезінде полиция қызметкерлері автокөлікті жүргізушіге оның 27 жастағы немере ағасы бергенін анықтады. Ол туысының мас күйде екенін біле тұра, көлік құралын басқаруына рұқсат берген. Айта кетерлігі, автокөлік иесінің өзі де орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. Бұл медициналық куәландыру нәтижесінде расталды. Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында қауіпті құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, автокөліктің әрі қарай қозғалуына жол берілмеді.

Аталған деректер бойынша екі азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар соттың қарауына жолданды. Жетісу облысының полициясы ескертеді: мас күйде көлік басқару, сондай-ақ алкогольдік масаң күйдегі адамға көлік тізгінін беру – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына төнетін үлкен қауіп. Алкогольдік ішімдік ішкен жағдайда көлік тізгініне отырмаңыз және мас адамға автокөлігіңізді сеніп тапсырмаңыз. Бір сәттік жауапсыздық орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды