Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда екі көлікті айдап әкеткен үш күдікті анықталды

Қостанайда екі көлікті айдап әкеткен үш күдікті анықталды
Фото: бейнескриншот polisia.kz

Қостанайда бір түнде екі көлікті айдап әкетуге күдіктілер анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанайда екі автокөлікті заңсыз иеленуге күдікті үш жергілікті тұрғын анықталды. Олардың жасы – 19, 26 және 30-да. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер алкогольдік масаң күйде алдын ала сөз байласып, ГАЗ-33023 автокөлігін заңсыз иеленген. Кейін олар жол-көлік оқиғасына тап болған. Алайда бұл жағдайдан кейін де құқыққа қайшы әрекеттерін тоқтатпаған күдіктілер сол күні қаланың солтүстік бөлігіне барып, Audi автокөлігін де заңсыз иеленген болуы мүмкін.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері үш күдіктінің барлығын анықтады. Audi автокөлігін басқарған жүргізуші алкогольдік масаң күйде көлік жүргізгені үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта көлік құралдарын заңсыз иелену фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция көлікті жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленудің өзі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. "Заң мен тәртіп" қағидаты – әрбір адамға ортақ талап.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды