Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында жұмыртқа өндірісі нығайып келеді

Ақмола облысында жұмыртқа өндірісі нығайып келеді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ақмола облысындағы «Ақкөл Құс» құс фабрикасының жылдық өндірістік қуаты 90 млн жұмыртқадан 200 млн данаға дейін ұлғайтылмақ. Бұл жөнінде өңірге жұмыс сапарымен барған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысуы барысында мәлім болды.  Кәсіпорынның қуатын күшейту мақсатындағы жоба барысында жаңа өндірістік корпустар салынып, инфрақұрылым жаңғыртылатын болады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ақкөл Құс» құс фабрикасы 2014 жылдан бері жұмыс істейді, негізінен тағамдық тауық жұмыртқасын өндіруге маманданған. Қазіргі уақытта фабрикада жұмыртқалайтын тауықтарға арналған алты корпус, жас құстарды өсіруге арналған екі корпус, жеке жем цехы және жұмыртқаны сұрыптау жабдықтарымен қамтамасыз етілген қойма бар. Құс саны 300 мың бастан асады. Жыл басынан бері 48 млн дана жұмыртқа өндірілген.

Кәсіпорын өнімдері Ақмола және Түркістан облыстарына, Астана мен Көкшетау қалаларына, сондай-ақ Қырғызстанға жеткізіледі. Соңғы екі жылда фабрикада құстарды ұстау және өсіру жабдықтары жаңартылды.

Жоба аясында жалпы сыйымдылығы 324 мың басқа арналған жұмыртқалайтын тауықтарға арналған төрт заманауи корпус салу көзделген. Бұл жылына қосымша 110 млн данаға дейін жұмыртқа өндіруге және кәсіпорынның жалпы өндірістік қуатын жылына 200 млн данаға жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жас құстарды өсіруге арналған ғимараттар салу, сағатына 30 мың жұмыртқаға дейін сұрыптайтын желісі бар жұмыртқа қоймасын тұрғызу және жем цехының қуатын кеңейту жоспарланған. Инфрақұрылымды жаңарту өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыруға, құс санының өсуіне байланысты қажеттіліктерді қамтамасыз етуге және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге жол ашады.

Қазіргі уақытта жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылғы қарашада бастау көзделген. Қытай мен Еуропадан жабдықтарды жеткізу және монтаждау жұмыстары келесі жылға белгіленген. Жобаның бірінші кезеңін келесі жылы сәуірде аяқтау көзделсе, толық өндірістік қуатқа 2028 жылдың ортасында шығу жоспарланған.

Кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңейту отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болмақ.

Қолданыстағы құс фабрикаларын жаңғырту және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде 2028 жылға қарай Ақмола облысында тағамдық жұмыртқа өндірісін жылына 1 млрд данаға дейін жеткізу межеленіп отыр. Бүгінде өңір Қазақстанның тағамдық жұмыртқаға деген қажеттілігінің  15%-ын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ елдегі құс етінің жалпы өндірісінің 30%-ы Ақмола облысының үлесіне тиесілі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды