Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

2026 жылдың басынан бері Алматыда жастардың құқықтық сауатын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 260-тан астам іс-шара өткізілді. Оларға 30 мыңнан астам жас пен 500-ден астам оқытушы қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атқарылған жұмыстардың қорытындысы 15 қазанда Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университетінде өткен «Заң және тәртіп» қоғамдық форумында талқыланды. Іс-шараға 400-ге жуық студент, жастар ұйымдары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Форумда интернет-алаяқтыққа, есірткі қылмысына, буллингке және заңсыз қаржылық схемаларға қарсы іс-қимыл мәселесіне баса назар аударылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындаған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өтті.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мирас Нысаналиевтің айтуынша, қалада 14 пен 35 жас аралығындағы 770 мыңға жуық жас тұрады. Сондықтан құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстарының маңызы ерекше.

«Біздің басты мақсатымыз – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, олардың алдын алу, жастарға заң талаптары мен жеке жауапкершіліктің маңызын түсіндіру. Бүгінде көптеген қауіп-қатер цифрлық кеңістікке ауысты. Интернет-алаяқтық, заңсыз қаржылық схемалар, әлеуметтік желілер арқылы есірткі тарату және жастарды заңға қайшы әрекеттерге тарту мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді», – деді Мирас Нысаналиев.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, жастардың комьюнити орталықтарында 150-ден астам, ал жоғары оқу орындарында 110-нан астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Аудандық полиция басқармаларымен бірлесіп, жастар көп жиналатын орындардағы 155-тен астам нысан тексеріліп, 65-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Қалада құқық бұзушылықтың алдын алуға және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған «Наркостоп» және «Azamat» жобалары да жүзеге асырылып жатыр. Алатау ауданында 400-ден астам белсендіні біріктірген сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер фронт кеңсе жұмыс істейді. Ал Жетісу ауданында «Әділет» жастар қозғалысы қызмет атқарады.

Сонымен қатар «Жастар қатысатын бюджет» жобасы аясында «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілетуге бағытталған бастама 230 дауыс жинап, қолдау тапқан ұсыныстар қатарына енді.

Талқылауға Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің, прокуратураның, полицияның және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Форум соңында студенттер құқықтық жауапкершілік, қылмыстың алдын алу және цифрлық ортадағы қауіпсіздік мәселелері бойынша сұрақ қойды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды