Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда

Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті жалғастыруда, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

- 2026 жылдың бес айында үш мыңнан астам есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде шамамен 1,5 мың есірткі қылмысы анықталды. Сонымен қатар алты ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде бір трансұлттық топтың қызметі тоқтатылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 12 зертхана және 42 фитозертхана жойылды. 12 мыңға жуық заңсыз онлайн-ресурс бұғаттауға жіберілді. Ұлттық банкпен бірлесіп, есірткі бизнесіне қатысты қаржылық операцияларға тосқауыл қойылуда. Нәтижесінде 107 миллион теңгеден астам күмәнді қаржы аударымы тоқтатылды. 125 мыңға жуық шетелдік төлем картасы бұғатталды. Сондай-ақ 20 мың криптоәмиян тексерілуде. Үлкен қауіптің бірі - синтетикалық есірткілер. Заңсыз айналымнан 466 килограмм синтетикалық есірткі және 11 тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Алдын алу жұмыстары да жалғасуда. Жыл басынан бері мектептер мен жоғары оқу орындарында 6,5 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шара өткізілді. Сегіз мыңнан астам ақпараттық материал жарияланды. Халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. Қазақстан шетелдік әріптестерімен бірлесіп, трансұлттық есірткі қылмысына тосқауыл қоюда. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, азаматтардың денсаулығын қорғау және жас ұрпақтың болашағын сақтау мақсатында есірткі қылмысына қарсы кешенді жұмыстар жалғасатын болады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды