Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде есірткі заттарын дайындаумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Ақтөбеде есірткі заттарын дайындаумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде есірткі заттарын дайындаумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында химиялық өңдеу арқылы есірткі заттарын дайындады деген күдікпен жергілікті тұрғындар тобын анықтады. Көршілерден жауап алу барысында пәтерлердің бірінде азаматтардың жүйелі түрде жиналғаны және онда есірткі заттарын дайындау фактілері болғаны туралы ақпарат алынды. Тексеру барысында 5 дана шприц, сұйықтығы бар екі пластик ыдыс, кастрөл ішіндегі 500 грамм дайындалған көкнәр қоспасы және пакеттегі 500 грамм пайдаланылған көкнәр тәркіленді.

Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 302-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды