Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды

Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды
Фото: primeminister.kz

Астанада Қазақстанның көлік апталығы аясында көлік-логистика саласының әлеуетін ашу мәселелері талқыланды. Онда теміржол, автомобиль, теңіз және авиациялық көлікті дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге, халықаралық жүк тасымалдарының тиімділігін арттыруға және салалық кадрларды даярлауға назар аударылды. Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік маршруттарында және Транскаспий халықаралық көлік бағытында мемлекеттердің өзара іс-қимылын нығайту шаралары қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бір алаңға 40-қа жуық елдің салалық сарапшылары жиналды. Форумға Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Грузия, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Чехия мемлекеттерінен көлік ведомстволары басшылығы, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, ірі көлік-логистикалық кәсіпорындар мен дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша көлік саласының өсуі 7,2%-ды құрады. Сала көшбасшылар қатарына кіреді. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша инфрақұрылымдық инвестицияларды сауда рәсімдерін жеңілдетумен және шекарадағы кідірістерді қысқартумен ұштастыру елдердің ЖІӨ-ін шамамен 15%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов көлік-логистика саласының ЖІӨ құрылымындағы маңыздылығын және мемлекеттің оның ел экономикасындағы үлесін ұлғайтуға ниетті екенін атап өтті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің көлік-логистика әлеуетін дамытуды стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындады. Заманауи көлік инфрақұрылымы халықаралық сауданы кеңейтуге, инвестициялар тартуға, жаңа өндірістер құруға және мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстан көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруда. Кейінгі 7 жылда 36,3 мың шақырым автомобиль жолы салынып, жөнделсе, 5 жыл ішінде 5 мың шақырым теміржол салынып, жаңғыртылды. Шекара маңындағы, теңіз және әуежай инфрақұрылымы дамып келеді. Авиациялық қауіпсіздік деңгейі 95,7%-ға жеткізілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 18%-ға ұлғайып, 39,1 млн тоннаға жетті. Көлік министрлігінің мәліметінше, 2035 жылы теңіз порттарының өткізу қабілетін 4 есе, флот қуатын 5 есе арттырып, транзиттік тасымал көлемін жылына 100 млн тоннаға жеткізу жоспарлануда.

Премьер-министр қатысушылардың назарын халықаралық логистиканы ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру және Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік көлік дәліздерінің, Транскаспий бағыты мен болашағы зор Трансауған дәлізінің өзара байланысын нығайту перспективаларына аударды. Мемлекеттердің бірлескен жұмысының маңызды бағыттары – инфрақұрылымды дамыту, логистиканы цифрландыру және тұтас транзитті қамтамасыз ету. Басымдықтардың қатарында инфрақұрылымдық шектеулер мен әкімшілік кедергілерді жою, «жасыл дәліздерді» және «бір терезе» қағидатын енгізу бар, бұл трансшекаралық тасымалдауды жеңілдетуге, жүктерді жеткізу мерзімдері мен құнын қысқартуға мүмкіндік береді. Бірлескен инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға көшудің маңыздылығы атап өтілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды