Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту шеңберіндегі мүмкіндіктері мен жоспарлары талқыланды

Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту шеңберіндегі мүмкіндіктері мен жоспарлары талқыланды
Фото: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

2023 жылғы 20 қазан күні Гаагада (Нидерланды Корольдігі) «Орта дәліз – Еуропа үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Алқалы жиында Көлік комитетінің төрағасы Алтай Әлі Қазақстанның Транскаспий  халықаралық көлік бағытын дамыту шеңберіндегі мүмкіндіктері мен жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ еуропалық компанияларға Ақтау портындағы контейнерлік хабтың құрылысы, теңіз флотын дамыту, Достық-Мойынты және Алматы станцияларының теміржол торабынан айналып өтетін теміржол желісін салуды қоса алғанда, маршруттағы инвестициялық жобалар ұсынылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Жұмағалиев, Әзербайжан, Грузия және Түркиядағы көлік мәселелеріне жауапты ведомстволар мен елшіліктердің өкілдері шақырылды.

Айта кетерлігі, Транскаспий халықаралық көлік бағыты Қытай мен Еуропа елдерін байланыстыратын негізгі торап. Биыл 9 айда Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша 2 млн тоннаға жуық жүк тасымалданған. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 88 пайызға жоғары.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты