Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда субұрқақтар қысқы кезеңге кезең-кезеңімен өшіріліп жатыр

Алматыда субұрқақтар қысқы кезеңге кезең-кезеңімен өшіріліп жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда субұрқақтарды күзгі-қысқы кезеңге жоспарлы түрде консервациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмыстар 1-10 қазан аралығында кезең-кезеңімен жүргізілуде. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының «Жасыл Алматы» КММ мамандары субұрқақ кешендерін суық мезгілге дайындап жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Субұрқақтар тоқтатылып, суы ағызылады, тостағаны мен жабдықтары тазартылады. Сондай-ақ мамандар инженерлік жүйелерді үрлеп, құрғатады, ал жабдықтардың кейбір құрылымдары алынып, қысқы сақтауға жіберіледі.

Консервациялау жұмыстары инженерлік желілер мен жабдықтарды төмен температураның әсерінен қорғау үшін қажет. Бұл ретте, әр нысанның техникалық ерекшеліктері ескеріледі.

Жұмыстарды 10 қазанға дейін аяқтау жоспарланған. Қысқы кезеңнен кейін мамандар техникалық қызмет көрсетіп, субұрқақтарды жаңа маусымға дайындайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді