Оралда көлік басқару құқығынан айырылған тұрғын есірткіге масаң күйде қайта көлік тізгіндеген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға түнгі сағат 02:45 шамасында Орал қаласының көшелерінің бірінде болған. Полиция қызметкерлері Lada Largus автокөлігін тоқтатқан. Көлікті Оралдың 30 жастағы тұрғыны басқарған. Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің есірткіге масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар аталған азаматтың бұған дейін 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап бойынша 5 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, 1 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.