Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік басқарған

Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік басқарған
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік басқарған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 желтоқсанда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері сағат 08:00 шамасында Ақтөбе – Орынбор автожолының 75-шақырымында Шахман жүк көлігін тоқтатқан. Жүк көлігін Мәртөк ауданының 45 жастағы тұрғыны басқарған.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің бұрын 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды, соған қарамастан ер адам қайтадан есірткіге масаң күйінде көлік жүргізген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты