Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бостон марафонының жеңімпазы Юки Каваучи Алматыға алғаш рет келді

Бостон марафонының жеңімпазы Юки Каваучи Алматыға алғаш рет келді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

2018 жылғы Бостон марафонының жеңімпазы Юки Каваучи Қазақстанға алғаш рет келді. Жапондық желаяқ 27 қыркүйекте өтетін Almaty Marathon жарысына қатысады. Бұл оның Орталық Азиядағы алғашқы старты. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каваучи спорттық мансабының басым бөлігінде жүгіруді мемлекеттік қызметтегі жұмысымен қатар алып жүрген. 2018 жылы ауа райы күрт өзгерген күрделі жағдайда өткен Бостон марафонында 2:15:58 нәтижесімен жеңіске жетті. Ал кәсіби спортшы ретіндегі мансабын бір жылдан кейін бастады.

Ерекше спорттық жолына байланысты оған Citizen Runner – «халықтық жүгіруші» деген лақап ат қойған. Каваучи 100-ден астам марафонды 2 сағат 20 минуттан аз уақытта жүгіріп өтіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. 42,2 шақырым қашықтықтағы жеке рекорды – 2:07:27.

«Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Алматыны жүгірушінің көзімен көріп, қаламен, оның тұрғындарымен танысып, ерекше энергиясын сезінуді асыға күтіп жүрмін. Маған әртүрлі елдердегі марафондарға қатысу ұнайды. Біз түрлі тілде сөйлеп, әртүрлі мәдениеттің өкілі болуымыз мүмкін. Бірақ сөре сызығында бір-бірімізді сөзсіз түсінеміз», – деді Юки Каваучи.

Биылғы мерейтойлық марафонға 16 мың адам қатысады. Олардың шамамен әр оныншысы – шетелдік спортшы, ал 14%-ға жуығы Қазақстанның өзге өңірлерінен келеді. Марафонның негізгі 42,2 шақырымдық қашықтығын 1,6 мыңға жуық қатысушы таңдаған.

Биыл ұйымдастырушылар жарыс бағытын толық жаңартты. 42,2 шақырымдық марафон қашықтығы алғаш рет бір айналыммен өтіп, Алматының тарихи орталығын қамтиды. Жарыстың сөресі сағат 07:30-да Абай алаңынан басталады, ал мәресі Республика алаңында орналасады.

Almaty Marathon Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушысы – «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды