Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жыл басынан бері алты үшем дүниеге келді

Алматыда жыл басынан бері алты үшем дүниеге келді
Фото: pixabay.com

2026 жылдың басынан бері Алматыда 603 егіз және алты үшем дүниеге келді. Солардың бірі жуырда №2 қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген үш ұл. Бұл туралы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 жастағы алматылық бірден үш ұлдың анасы атанды. Осылайша, отбасындағы ұлдардың саны төртке жетті. Үшемдердің төрт жастағы ағасы бар.

Жүктілік трихориалды триамниотикалық түрде өткен. Яғн, әр сәбидің жеке плацентасы мен ұрық қабы болып, үшеуі бір-бірінен бөлек дамыған. Сәбилер кесар тілігі арқылы дүниеге келді.

Нәрестелердің салмағы 1740 грамнан 1978 грамға дейін, ал бойы 34-37 сантиметр аралығында болды. Ата-анасы ұлдарына Омар, Мирас және Мүслім деп ат қойды.

Дүниеге келгеннен кейін сәбилердің біріне алғашқы күндері қарқынды респираторлық қолдау қажет болды. Ол екі күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Қазір үш нәресте де СИПАП-терапия алып жатыр және дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Мамандар олардың жағдайында оң динамика байқалып отырғанын атап өтті.

Үшемдердің анасы ұлдарын алғаш көрген сәт ерекше толқынысқа толы болғанын айтады.

«Балаларымды алғаш көргенде қатты уайымдап, жылап жібердім. Өйткені олар өте кішкентай әрі әлсіз көрінді. Бірақ орталық қызметкерлері маған үлкен қолдау көрсетті. Олар медициналық көмекпен қатар, психологиялық тұрғыдан да демеу болды. Дәрігерлер мен орталықтың барлық қызметкеріне қамқорлығы, ықыласы және қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтамын», – деді ол.

Сәбилер №2 қалалық перинаталдық орталық мамандарының тұрақты бақылауында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды