Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың мыңнан астам дерегі анықталды

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзудың мыңнан астам дерегі анықталды
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Алматы қаласында республикалық "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды. Төрт күнге созылған кешенді шара барысында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бағытында ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде, 1 040 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 132 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі шетел азаматтарының елде болу тәртібін сақтамауына байланысты болды. Осы санат бойынша 811 шетелдік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, шетел азаматтарының заңды түрде болуын қамтамасыз етпегені үшін 198 қабылдаушы тұлғаға әкімшілік шара қолданылды. Ал шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзған 31 жұмыс берушіге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.

Іс-шара барысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыру дерегі әшкереленіп, аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұдан бөлек, мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетел азаматы ұсталды.

Алматы қаласы көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар көші-қон саласындағы тәртіпті жүйелеуге және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

- Негізгі мақсат - тек құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, олардың алдын алу. Біз барлық қатысушылардың жауапкершілігін назарда ұстаймыз: шетел азаматтары да, оларды қабылдаушы тұлғалар мен жұмыс берушілер де заң талаптарын сақтауға міндетті. Заң - баршаға ортақ, - деді полиция қызметкері.

Алматы қаласының полициясы қоғамдық тәртіпті сақтау, заңдылықты қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады