Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атыраулық полицейлер 5 жылдан бері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы құрықталды

Атыраулық полицейлер 5 жылдан бері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы құрықталды
Фото: polisia.kz

Атыраулық полицейлер 2018 жылдан бері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы аумағында заңсыз көші-қон фактілерін анықтау, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді анықтау мақсатында 19-25 маусым аралығында республикалық “Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара барысында Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2018 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтаған. Аталған шетел азаматы 2023 жылдың 3 маусымында Қазақстан шекарасына өтіп, жұмысқа орналасу үшін құжат тапсыруға Атырау қалалық көші-қон қызмет бөліміне келген. Кейін полиция қызметкерлері шетел азаматының жеке басын жан-жақты тексеру барысында аталған тұлғаның халықаралық іздеуде жүрген күдікті екендігі анықталған.

Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 322-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасап, 2018 жылдан бері іздеуде жүрген. Аталған факті бойынша қылмыскер ұсталып, криминалдық полиция басқармасына тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді