Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Қала күніне орай он екінші жастар комьюнити орталығы ашылды

Алматыда Қала күніне орай он екінші жастар комьюнити орталығы ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қала күні қарсаңында Алматының Әуезов ауданында жастарға арналған жаңа комьюнити орталық ашылды. Аумағы 400 шаршы метр болатын кеңістікте шығармашылықпен айналысуға, заманауи технологияны меңгеруге және жаңа дағдыларды дамытуға жағдай жасалған. Орталықтағы барлық қызмет жастар үшін тегін. Жаңа орталықта дыбыс жазу студиясы, би залы, робототехника және 3D-модельдеу аймағы, цифрлық контент әзірлеуге арналған кеңістік, сондай-ақ білім беру және кеңес беру алаңдары қарастырылған. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталықтың мүмкіндіктерімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов танысты. Жаңа нысанның іске қосылуы қала әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жастар орталықтары желісін кеңейту жұмыстарының бір бөлігі болды. Қазіргі уақытта Алматының барлық ауданында осындай 12 алаң жұмыс істейді.

«Жастар орталығы тек іс-шара өткізетін орын емес, жастардың білім алып, дамып, идеясын жүзеге асыра алатын кеңістік болуы маңызды», – деді Абзал Нүкенов.

Орталықтағы жаңа жобалардың бірі «AI Креатор» курсы. Бағдарлама аясында жастар контент өндірісінде жасанды интеллект құралдарын пайдалануды меңгереді. Қатысушылар идея мен сценарий әзірлеуден бастап, визуал, дыбыс және монтаж жасауға дейінгі негізгі кезеңдерді үйренеді. Курстың алғашқы легіне 20-ға жуық адам жазылған.

Сонымен қатар дыбыс жазу студиясында әндер мен подкасттар жазуға, би залында түрлі воркшоптар ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Арнайы контент аймағы фото және бейне түсіруге арналған. Ал робототехника және 3D-модельдеу кеңістігінде орталықтың ашылуына орай Алматының басты нышандарының бірі алма бейнеленген «Тілек ағашы» әзірленді.

Орталықтың ашылуымен қатар «ALMATY 24 sagat» бейнебайқауы басталды. Байқау шарты бойынша қатысушылар 24 сағат ішінде Алматы, ауданы, сүйікті орындары немесе қала тұрғындары туралы қысқа бейнеролик түсіруі керек.

«Біз үшін әрбір жастың бағытын табуына – жаңа дағды меңгеруіне, технологияда немесе шығармашылықта өзін сынап көруіне, не болмаса өз жобасын іске қосуына мүмкіндік болуы маңызды», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Жыл басынан бері Алматыдағы комьюнити орталықтарының қызметін 10,6 мыңнан астам жас пайдаланған. Олар жұмысқа орналасу және кәсіби бағдар бойынша көмек алып, психологиялық және құқықтық кеңестерге жүгінген. Бұдан бөлек, «Заң және тәртіп» бағыты бойынша 18 мыңнан астам адамды қамтыған 190-ға жуық іс-шара ұйымдастырылды. Ал «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өткен 80-нен астам экологиялық акцияға 10 мыңнан астам жас алматылық қатысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді