Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

2026 жылы 10 маусымда Алматыда Түркия Республикасынан келген жастар делегациясын қарсы алу шарасы өтті. Сапар «Алматы – Түркі мемлекеттер астанасы-2025» жобасы аясында ұйымдастырылып, жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарламаның алғашқы күні делегация мүшелері Алматыдағы жастар саясатын іске асыру тәжірибесімен танысты. Қонақтарға әлемдік тәжірбиеден алынған және жастарды қолдауға бағытталған заманауи комьюнити орталықтардың бірі Әуезов ауданы комьюнити орталығының жұмысы көрсетілді.
Қаланың барлық ауданында орналасқан комьюнити орталықтарда алматылық жастар тегін білім беру курстарына, шебердің сабақтарына, кәсіпкерлік пен медиасауаттылық бойынша тренингтерге қатысып, еріктілік жобаларға, экологиялық акцияларға, мәдени және спорттық іс-шараларға белсене араласады. Мұнда жастардың soft skills дағдысын дамытуға, бастамаларын қолдауға және әлеуметтік маңызы бар жобаларға тартуға ерекше көңіл бөлінеді.


«Алматы қаласы түркі әлемі жастарын біріктіретін маңызды халықаралық алаңға айналуда. Түркия Республикасынан келген жастар делегациясының сапары өзара тәжірибе алмасуға, жаңа жобаларды дамытуға және жастар ұйымдары арасындағы серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді. Біз түркі мемлекеттері жастарының бастамаларын қолдауға, олардың әлеуетін ашуға және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге әрдайым дайынбыз», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Халықаралық жастар бағдарламасы алдағы күндері білім беру, мәдени және қоғамдық іс-шаралармен жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы 2025 жылы алғаш рет «Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесіне ие болды. Осы мәртебе аясында қалада халықаралық жастар алмасулары, форумдар, мәдени және білім беру жобалары жүзеге асырылып келеді. Ал биыл «Kazakhstan-Turkey Psychosocial Support Project» форумы өтіп, ресми түрде 14 маусым күні Түркі мемлекеттер ұйымының жаңа астанасы анықталып, кілт табысталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді