Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында жастар инфрақұрылымы жаңаруда

Алматы облысында жастар инфрақұрылымы жаңаруда
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында халық саны мен жастар үлесі ең жоғары саналатын Қарасай ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында Жастар ресурстық орталығының жаңа екі қабатты ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Заманауи талаптарға сай салынған екі қабатты Жастар сервистік орталығының ашылуы – Мемлекет басшысының жастарға арналған қазіргі заманғы инфрақұрылым қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам. Қазіргі таңда Алматы облысында 432 мың жас өмір сүреді, оның 82 мыңнан астамы Қарасай ауданында тұрады. Жаңа орталық жастар үшін шығармашылық, білім алу және спорт алаңына айналып, жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесі және кәсіпкерлікті дамыту бағытында тегін кеңестер ұсынатын болады, – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев.

Аумағы 1 000 шаршы метрді құрайтын ғимарат заманауи стандарттарға толық сәйкес келеді және бірнеше маңызды сервисті бір кеңістікке біріктіреді. Мұнда Мансап орталығының, «Отбасы банкінің» және Жастар денсаулығы орталығының мамандары жұмыс істейді. Бұл жастарға қажетті қызметтерді ұзақ күтусіз әрі оңай алуға мүмкіндік береді.

Орталықтағы басым бағыттардың бірі – әлеуметтік шеберхананың жұмысы. Мұнда жас қыз-келіншектер мен аналар тігін және пішу дағдыларын тегін меңгере алады. Бұл өз кезегінде өзін-өзі жұмыспен қамтуға, қосымша табыс табуға және әлеуметтік бейімделуге, әсіресе осал санаттағы жастарды қолдауға жол ашады.

2026 жылы орталықта дыбыс жазу студиясы мен подкаст аймағын жабдықтау жоспарланып отыр. Бұл креативті индустрияның дамуына серпін беріп, жас таланттардың заманауи медиа құралдарға қолжетімділігін арттырмақ. Сонымен қатар орталық базасында оқыту бағдарламалары, мәдени іс-шаралар, психологтар, заңгерлер және мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі мамандардың кеңестері ұйымдастырылады.

Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Ахметовтің айтуынша, жастар инфрақұрылымын жаңғырту жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді:

“Соңғы екі жылда облыс әкімдігінің қолдауымен жастарға арналған кеңістіктерді дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Бүгін Жастар ресурстық орталығының төртінші жаңа ғимараты ашылды. Қонаев қаласы мен Іле ауданында заманауи коворкинг орталықтары жұмыс істеп тұр. Ал 2026 жылы Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында осындай орталықтар ашылады. Бұл жастар инфрақұрылымын толық жаңартып, олармен тиімді жұмыс жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді”, – деді ол.

Жастар орталықтары желісін кеңейту өңірді дамыту стратегиясындағы негізгі бағыттардың біріне айналып отыр. Жаңа кеңістіктер белсенді ұрпақты қалыптастыруға, жас көшбасшыларды қолдауға, әлеуметтік және шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға әрі жастарды облыстың дамуына кеңінен тартуға жол ашады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті