Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізіп, онда инклюзивті білім беруді дамыту, қоғамдық бірлестіктердің қызметін қолдау және мүгедектігі бар адамдарға арналған мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша тұрғындардың өтініштерін қарады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында өтініш берушілер инклюзивті білім беруді дамыту және мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде тиісті қызметтер көрсететін ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар қоғамдық бірлестіктердің қызметіне, мүгедектігі бар адамдарға арналған фестиваль өткізуге, мәдени іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ білім беру саласындағы көп жылғы еңбек өтілі үшін көтермелеу мүмкіндігіне қатысты мәселелер қаралды.

Жеке қабылдау қорытындысы бойынша жауапты басқармаларға келіп түскен өтініштерді заңнама талаптарына сәйкес және өз құзыреті шегінде қарау тапсырылды. Атап айтқанда, құрметті атақ беру тәртібі туралы ақпарат ұсынылып, инклюзивті білім беру мәселелері бойынша бейінді ұйымдардың басшыларымен кеңес өткізу, сондай-ақ тиісті мәдени және қоғамдық іс-шараларды өткізу мүмкіндіктерін қарастыру тапсырылды.

Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындардың өтініштерін тікелей қарауға, алдағы шараларды айқындауға және көтерілген мәселелерді белгіленген тәртіппен пысықтауға мүмкіндік беретін кері байланыстың маңызды тетігі болып қала береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді