Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдау барысында қоғамдық өмірдің түрлі салаларына қатысты тұрғындардың өтініштері қаралды. Атап айтқанда, инклюзивті театр өнерін дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған бірлескен мәдени және әлеуметтік жобаларды іске асыру, сондай-ақ Алматы қаласында Дүниежүзілік суретшілер конференциясын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қабылдау барысында көрнекті қоғам қайраткерлері мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін мәңгі есте қалдыруға қатысты ұсыныстар қаралды. Білім берудегі бастамаларға, оның ішінде оқушылардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи білім беру шешімдерін енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Көтерілген барлық мәселелер бойынша өтініш иелеріне тиісті түсіндірмелер берілді. Жауапты мемлекеттік органдар мен салалық басқармаларға әрбір өтінішті қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты зерделеп, қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауда.