Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда «жасыл» сутегі мен аммиак өндіру жобасы іске аспақ

Қазақстанда «жасыл» сутегі мен аммиак өндіру жобасы іске аспақ
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында Энергетика министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және YPP Corporation арасында Шығыс Қазақстан облысында «Жасыл энергетикалық кешен» жобасы шеңберінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Құжат сутегі энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде талдамалық және зерттеу жұмыстарын жүргізуге, тәжірибе және сараптамалық білім алмасуға, сондай-ақ өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын бірлесіп пысықтауға бағытталған.

Меморандумда көзделген ынтымақтастық бағыттарының бірі аясында жалпы қуаты шамамен 1 ГВт болатын жаңартылатын энергия көздері объектілерін қамтитын энергетикалық кешенді іске асыру мәселесі пысықталуда. Оның шеңберінде жылына 55 мың тоннаға дейін «жасыл» сутегі немесе 310 мың тоннаға дейін «жасыл» аммиак өндіру көзделеді. Жобаны іске асырудың орындылығы айқындалған жағдайда, оның алдын ала құны шамамен 2 млрд АҚШ долларын құрайды.

Құжатқа қол қою тараптардың жаңартылатын және сутегі энергетикасы саласындағы Қазақстан-Корея ынтымақтастығын одан әрі жалғастыруға және осы бағыттағы перспективалы жобалар мен бастамаларды бірлесіп пысықтау үшін жағдай жасауға ниетті екенін көрсетеді.

«Жасыл» сутегі металлургияда, химия өнеркәсібінде, энергетикада және көлікте төмен көміртекті отын және шикізат ретінде пайдаланылады. «Жасыл» аммиак негізінен тыңайтқыштар өндіруде, химия өнеркәсібінде қолданылады, сондай-ақ халықаралық жеткізілімдер үшін төмен көміртекті энергия тасымалдаушы ретінде қарастырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді