Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуда

Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуда
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері жөніндегі Салалық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Энергетика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының өкілдері, сондай-ақ салалық компаниялар, білім беру ұйымдары мен сарапшылар қауымдастығы қатысты.

Отырыс барысында қарқынды дамып келе жатқан ЖЭК секторына мамандар даярлау, кәсіби стандарттарды әзірлеу және білім беру бағдарламаларын өзектендіру мәселелері қаралды. Қатысушылар энергия жинақтау жүйелері, сутегі энергетикасы және энергетика саласындағы цифрлық шешімдер сияқты жаңа технологиялық бағыттарды ескере отырып, кадрлар даярлаудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Сарапшылардың мәліметінше, салалық және өңірлік Жаңа кәсіптер атластарында ЖЭК саласы бойынша сегіз перспективалы мамандық айқындалған. Алайда қазіргі уақытта елімізде еңбек нарығының қажеттіліктері мен білім беру бағдарламалары арасындағы байланысты қамтамасыз ететін бейінді кәсіби стандарттар жоқ.

Отырыс қорытындысы бойынша саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында кәсіби стандарттарды әзірлеу, білім беру бағдарламаларын жаңарту және мемлекеттік органдар, салалық компаниялар, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді