Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Есентай жағалауы бойында Алматы туралы көркем композиция жасалады

Есентай жағалауы бойында Алматы туралы көркем композиция жасалады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бұқар жырау көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі Есентай жағалауының бойында жаңа қалалық арт-бағыт жасалады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәдімгі сұр бетон қабырғалардың орнына мұнда Алматыға арналған жағалау бойына созылған көркем композиция пайда болады.

Жобаның негізіне қала туралы әннің жолдары алынған. Олар серуен бағытының бойына кезең-кезеңімен орналастырылады. Шығарма жағалау бойымен жүрген сайын біртіндеп көрініп, тұтас бір хикаяға айналады. Ал QR-код арқылы әнді тыңдап, композициядан оның мәтініндегі жолдарды тауып, арт-бағытты бойлай серуендеуге болады.

Стрит-арт нысаны қозғалыс үстінде тамашалауға арналған. Яғни, жағалау бойымен жүрген сайын композицияның жаңа бөлігі ашылып, көркем хикая жалғаса береді.

Бетон беттерін безендіру үшін сыртқы жұмыстарға арналған кәсіби қасбет бояуы және Arton арнайы граффити бояуы пайдаланылады. Материалдарды таңдауда олардың ауа райына төзімділігі, түсін ұзақ сақтауы және жабынның беріктігі ескерілді.

Жоба жағалауды көркейту жұмыстары сияқты демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді