Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ерсайын Нағаспаев «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлері консультативтік тетігінің бірінші отырысына қатысты

Ерсайын Нағаспаев «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлері консультативтік тетігінің бірінші отырысына қатысты
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Мемлекеттер басшыларының «Орталық Азия — Корея Республикасы» атты бірінші саммитін өткізу қарсаңында Сеул қаласында «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің консультативтік тетігінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен Корея Республикасы Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чжон Кванның төрағалығымен өтті. Отырысқа Қырғыз Республикасы Экономика және сауда министрі Бақыт Сыдықов, Тәжікстан Республикасы Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабир, Түрікменстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Тойғұлы Нұров, Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов қатысты.

Министрлер «C5+1» форматы шеңберінде инвестициялар, технологиялар, өнеркәсіптік инфрақұрылым, аса маңызды минералдар мен жаһандық жеткізу тізбектері, кадрлық әлеуетті дамыту және басқа да бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейтудің ортақ пайымы мен перспективаларын талқылады.

Отырыста сөйлеген сөзінде Ерсайын Нағаспаев Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Қазақстанның жаңа Конституциясымен бекітілген және инвесторлардың сенімін нығайтуға бағытталған ауқымды реформаларға баса назар аударылды.

«Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» заңмен ел тарихында алғаш рет ерекше құқықтық мәртебеге ие қала құрылды. Жоба мемлекеттік басымдықтардың бірі саналады және біз оңтүстіккореялық әріптестерді оны іске асырудағы негізгі стратегиялық серіктестер ретінде қарастырамыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Сеулге мемлекеттік сапары өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстан- Корей қатынастарының барлық бағыттарын дамытуға қосымша серпін беретініне сенімдімін», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

«C5+1» алаңы Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы практикалық өнеркәсіп саласы бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Өткен жылы Қазақстанның Оңтүстік Корея және ОА елдерімен тауар айналымы шамамен $12 млрд-ты құрады. Елдің өңдеу өнеркәсібінде 1 мыңнан астам бірлескен компаниялар жұмыс істейді.

Отырыс қорытындысында Корея Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттері арасында өнеркәсіп және жеткізу тізбегі салаларындағы ынтымақтастық бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Бірлескен декларация қабылданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді