Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ерсайын Нағаспаев Жапонияның Keidanren бизнес федерациясының өкілдерімен кездесті

Ерсайын Нағаспаев Жапонияның Keidanren бизнес федерациясының өкілдерімен кездесті
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Mitsui O.S.K. Lines компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Такеши Хашимото бастаған Жапонияның Keidanren бизнес федерациясының өкілдерімен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Тараптар екі ел арасындағы өнеркәсіптік және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Сапар барысында қол қойылған 47 коммерциялық келісімнің тоғызы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қатысты. Жапондық бизнеспен жерде сирек кездесетін металдарды, жабдықтарды жеткізуді кеңейту, сондай-ақ өндіріске озық технологиялар мен шешімдерді енгізу бағытында бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Өнеркәсіптік кооперация аясында жалпы құны шамамен $940 млн-ды құрайтын 17 жоба іске асырылуда, оның ішінде 10 жоба қазірдің өзінде пайдалануға берілді.

«Қазақстан Жапониямен стратегиялық әріптестікті жоғары бағалайды. Кейінгі жылдары экономика, өнеркәсіп және инвестициялар салаларындағы ынтымақтастығымыз айтарлықтай нығайды. Қазіргі уақытта өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттары белсенді түрде пысықталуда. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі инвестициялық жобаларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деген Ерсайын Нағаспаев Keidanren федерациясының мүшелерін биылғы желтоқсан айында Астанада өтетін Қазақстан-Жапония бірлескен комиссиясының 9-шы отырысына қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындысында тараптар екі ел арасындағы өнеркәсіп, инвестиция және технологиялық ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға өзара қолдау көрсетісуге уағдаласты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді