Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа гүлзарлар, аулалар мен променадтар: Астанада абаттандыру жұмысы қалай жүріп жатыр

Жаңа гүлзарлар, аулалар мен променадтар: Астанада абаттандыру жұмысы қалай жүріп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Биыл Астанада 173-ке жуық қоғамдық және аула кеңістігін абаттандыру, сондай-ақ 1,1 миллионнан астам жасыл желек (көшеттер, бұталар, гүлдер мен ағаштар) отырғызу жоспарланып отыр. Елорданың барлық ауданында жайлы қалалық ортаны құру бойынша ауқымды және жергілікті жобаларды іске асыру жалғасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Негізгі жобалардың қатарында «Мыңжылдық» аллеясындағы үш нысанды іске асыру, Greenline жаяу жүргіншілер бульварының екінші кезеңінің құрылысын жалғастыру, сондай-ақ жергілікті қоғамдық кеңістіктерді дамыту бар. Жаңа қалалық кеңістіктер, гүлзарлар мен променадтар елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қосымша тартымды орталықтары мен демалыс орындарына айналады.

Сарыарқа ауданында бос жатқан жерлердің, бұзылған гараждар мен ескі үйлердің орнында 4 жаңа гүлзар ашылады. Ірі жобалардың бірі А. Үлімжіұлы көшесінің бойында іскк асып жатыр, онда ландшафтық дизайны бар заманауи демалыс аймағы құрылып жатыр. Сондай-ақ 11 аула аумағында жұмыс жүргізілуде, ал жалпы осы маусымда 30-ға жуық ауланы күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Сонымен қатар Кенесары көшесін қайта жаңарту жұмысы қызу жүріп жатыр.

Алматы ауданында негізгі назар Б. Момышұлы, Ш. Құдайбердіұлы даңғылдарын және Шарль де Голль көшесін қайта жаңартуға қойылған. Бұл жерлерде жаңа гүлзарлар, спорттық кеңістіктер мен жасыл аймақтар ашылады. Сондай-ақ «Алма» және «Жалайыри» гүлзарлары, Теміржолшылар тұрғын алабындағы аумақтар жаңартылады. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 9 аула модернизацияланады. 28 аулада жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізілді, жалпы ауданда 50 аула аумағын жаңарту жоспарланып отыр.

Есіл ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша бес тұрғын үй кешенінің ауласы жаңартылады: «Адина», «Венский квартал», «Арман қала 4», «Арман қала 5» және «Лазурный квартал». Бұл жерлерде заманауи балалар және спорт алаңдары, жарықтандыру, орындықтар орнатылып, көгалдандыру жұмысы жүргізіледі.

Байқоңыр ауданында биыл 70 аула абаттандырылады. Оның ішінде 20 аумақ ойын кешендерін, тренажерлер мен демалыс аймақтарын орната отырып, кешенді модернизациялаудан өтеді. Бұл жобалардың басым бөлігі 12 аула «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы тұрғындардың өз бастамасымен іске асырылып жатқанын атап өткен жөн. Тағы 50 аула жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Алғашқы 6 жаңартылған аула мамыр мерекелеріне қарай ашылып үлгерді.

Нұра ауданында экоортаны және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту негізгі бағыт болып отыр. Экопаркте белсенді жұмыс жүргізілуде: дайындық кезеңі аяқталып, құрылыс-монтаждау жұмысы басталды. Greenline желекжолының екінші кезеңін іске асыру жалғасуда, Астаналық циркінің аумағы мен жаңа қоғамдық кеңістіктер абаттандырылып жатыр. Жаңа нысандардың бірі «ҚазМұнайГаз» гүлзары болмақ. Сондай-ақ «Алтын Шар-1», «Мадрид» және «Копенгаген» тұрғын үй кешендерінің маңында жұмыстар жүргізілуде. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша ауданда 6 аула жаңартылады.

Сарайшық ауданында Р. Қошқарбаев даңғылын абаттандыру жалғасуда, онда заманауи променад құрылып жатыр. Мұнда ірі ағаштар мен гүлдейтін бұталар отырғызылады, сондай-ақ аумақты жарықтандыру жұмысы жүргізілуде. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша кешенді абаттандырумен 13 ауланы қамту, сонымен қатар 30 аулада ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ ауданда ескерткіштердің маңында, парктік аймақтарда және контейнерлік алаңдарда қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Осылайша, елордада жайлы қоғамдық кеңістіктер құру, көгалдандыру және заманауи қалалық инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
9 комментариев
  • Marcelo
  • 01-06-2026, 00:38
  • : 00:38
References: Big fish casino online leauatw135411.howeweb.com
  • Traci
  • 01-06-2026, 01:09
  • : 01:09
References: Roulette strategies https://schoolido.lu
References: Sandia casino albuquerque https://concretewiki.site/wiki/Offizielles_Casino_Deutschland_2026
  • Marylyn
  • 01-06-2026, 05:24
  • : 05:24
References: Online pokies australia anitaxivw469341.dsiblogger.com
  • Brandi
  • 01-06-2026, 06:07
  • : 06:07
References: Online casino vegas hackmd.okfn.de
References: Online casino mit startguthaben https://keiranyeal356123.blogsvila.com/
  • Jerrell
  • 04-06-2026, 00:26
  • : 00:26
References: Hollywood park casino https://500px.com/
  • Matthew
  • 04-06-2026, 03:52
  • : 03:52
References: Dos caminos nyc https://eggswiki.site/wiki/Bonus
References: Napa valley casino eggswiki.site
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды