Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық металлург мамандығының қыр-сырын айтты

Астаналық металлург мамандығының қыр-сырын айтты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Әке аманаты елорда тұрғыны Қожан Мұратбековтің өмірлік кәсібін таңдауға себеп болды. Бала күнінен металлургия саласын көріп өскен ол бүгінде осы кәсіпте 28 жыл еңбек етіп, қарапайым балқытушыдан цех басшысына дейін көтерілді. Қазір тәжірибелі маман «Тау-Кен Алтын» кәсіпорнының Балқыту және құю цехын басқарып, алтын мен күмісті өңдеу өндірісінің жауапты кезеңіне жетекшілік етіп келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Әкем өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Теміртауда шахтер болып еңбек етті. Кейін Балқашқа көшіп, мыс балқыту цехында конвертерші болды. Мен дүниеге келгенде: «Менің ұлым да металлург болады, менің жолымды жалғайды» деп айтыпты. Сол сөз менің өмірлік бағытымды айқындады», – дейді ол.

Қожан мектеп қабырғасынан кейін Балқаш тау-кен металлургия техникумына түсіп, металлург мамандығын меңгереді. 1999 жылы оқуын тәмамдап, әскер қатарында азаматтық борышын өтесе, кейін білім жолын жалғастырып, Қарағанды политехникалық университетінде сырттай оқыпты. Ал еңбек жолын Балқаш мыс балқыту зауытында бастап, қарапайым балқытушыдан аға шеберге, кейін цех басшысына дейін көтерілген ол 2024 жылы Астанаға қоныс аударып, «Тау-Кен Алтын» кәсіпорнының Балқыту және құю цехына жетекшілік қызметке тағайындалыпты. Оның жұмыс орнындағы басты міндеті – өндірістің ең жауапты кезеңдерінің бірін басқару. Цехқа құрамында 50-80 пайызға дейін алтын немесе күміс бар материалдар жеткізіледі. Сол шикізат жоғары температурада балқытылып, құрамына қарай алтын немесе күміс анодтарға құйылады.

Қожан Қалиакпарұлы үшін ең үлкен байлық – отбасы. Жұбайы онкологиялық орталықта медицина саласында еңбек етеді. Екі қыз тәрбиелеп отырған әке жұмысынан кейін уақытын балаларына арнауға тырысады.

«Жұмысымыз таңғы тоғыз¬да басталып, кешкі беске дейін жалғасады. Үйге барып, балаларымды балабақша мен мектептен алып қайтамын. Отбасымен бірге өткізген уақыт – ең үлкен демалыс. Біз осы кәсіп үшін оқыдық, сондықтан жұмысымызды сүйеміз. Металлург болу – үлкен мақтаныш. Кейінгі жастар да бұл кәсіпті таңдаса қателеспес еді», – дейді Қожан Қалиакпарұлы.

Әке аманатын абыроймен арқалап, ширек ғасырдан астам уақытын от пен металдың арасында өткізген Қожан Мұратбеков секілді мамандар – еліміздің өндірісін алға сүйреп жүрген нағыз еңбек адамдары. Олардың маңдай тері мен адал еңбегі Қазақстан металлургиясының берік іргетасын қалыптастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді